Т​ҮРКІСТАН: Жетісайда танымал әншінің өнер мектебі ашылды

0
3 910

Салтанатты шараның ашылуына республика мен облыс, аудан өнерпаздары, қала басшысы қатысты.


Т​ҮРКІСТАН: Жетісайда танымал әншінің өнер мектебі ашылды

Жетісай ауданында әнші-сазгер Гауһар Әлімбекованың өнер мектебі ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

«Shine» продюссерлік орталығының бастамасымен өз қызметін бастап отырған Гауһар Әлімбекованың өнер мектебі республикада тұңғыш рет өзінің туған жері Жетісай ауданында ашылып отыр.

Шараның ашылу салтанатына арнайы қатысқан әнші-сазгер Гауһар Әлімбекова мен қазақ эстрадасының жұлдызы Асан Пердеш, Жетісай қаласының әкімі Тұрышбек Елшібаев, қала тұрғындары, өнер майталмандары қатысты.
«Жетісай қаласының 50 жылдығы аясында ашылып отырған өнер мектебі бірінші кезекте ұрпағымызды ұлттық рухта тәрбиелеуге, сабақтан бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруларына, түрлі келеңсіздіктердің алдын алуға үлкен септігін тигізері анық. Өйткені, өнерді түсінетін, өнермен айналысатын адам жат қылықтардан аулақ болады», - деген қала басшысы Тұрышбек Күлішұлы жұртшылықты орталықтың ашылуымен құттықтады.
Эстрадалық вокал, би үйірмесі мен актерлық шеберлікке тәрбиелейтін орталықта бүгінде 40 бүлдіршін тәрбиеленуде. 6 ай оқып, өнердің қыр-сырына тәрбиеленетін бүлдіршіндерге арнайы сертификаттар табыс етіліп, есептік концерттерін беретін болады.

Айта кетейік, Орал Камал басшылық жамайтын «Shine» өнер орталығында бүгінде 20 маман тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.