ТҮРКІСТАН: Жетісайда зағиптар күніне арналған кеш өтті

0
637

Сый-сияпат жасап, аудан әкімінің атынан алғыс хатпен марапаттады.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда зағиптар күніне арналған кеш өтті

Жетісай ауданында зағиптар күні аталып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«13-қараша халықаралық зағиптар күніне» орай Жетісай аудандық мәдениет үйінде"Бар әлемді көремін жүрегіммен" атты мерекелік кеш өтті.


"Бұл басқосудың бастымақсаты зағип жандардың сау адамдармен тең құқылы екендігін сезіндіру. Көзі көрмейтін немесе нашар көретін азаматтарға қоғамда тең құқылы екендіктерін ұғындырып жігерлендіру болатын. Аталмыш жиынға олар бізге басқалар аяушылық танытсын деп келмеген. Қайта, денсаулық жағдайларына қарамастан, қолдарынан іс келетіндігін дәлелдеген жандар. Осы санаттағы азаматтарға ұдайы көмек көрсетілетін болады", - деді кешке қатысқан Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков


Ал, көптен бері көріспеген зағип жандар бір-бірімен қауышып, бір марқайып қалды.


"Халықты әлеуметтік қорғау мемлекеттік саясаттың басты бағыты. Өздеріңіз білетіндей Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың, Президентіміз Қасым-жомарТоқаевтың биылғы жолдауларында мүмкіндігі шектеулі жандарға көбіреккөңіл бөліп қоғамдағы орындарын айқындау жайында айтып келеді. Осы күні «Жетісай ауданы зағиптар қоғамына» 153 адам тіркеуде тұр. Олардың 95-і бірінші топтағы, 58 адам екінші топтағы мүгедектер санатына кіреді. Бұлардың ішінде 86 -сы ер азаматтар болса, 67-сі әйел азаматтар, 18 адам бала жастан мүгедекболып табылады. Қамкөңіл жандардың көңілін аулау үшін алдағы уақытта осы тәріздес іс-шаралар ұдайы ұйымдастырылып тұратын болады", - деді Жетісай ауданы жұмыс пен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Әбжанов


Іс-шара барысында аудандық зағиптар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақтияр Сары атқарған жұмыстарының есебін беріп алдағы жоспарларымен бөлісті. Өз кезегінде аудан атқа мінерлері көру мүмкіндігі шектеулі жандарға демеушілер есебінен бір реттек сый-сияпат жасап, және жомарттық танытқан жандарды аудан әкімінің атынан алғыс хатпен марапаттады.