ТҮРКІСТАН: Жетісайда жас ғалымдар сайысы өтті

0
1 959

​Байқаудың өтуіне Жетісай аудандық білім бөлімі мен аудандық ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ мұрындық болды.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда жас ғалымдар сайысы өтті

Жетісайда мектеп оқушылары арасында робототехника, бағдарламалау және иновациялық технологияларды дамыту мақсатында “Robo Jetisay” аудандық байқауы болып өтті деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жас ұрапақтың бойында шығармашылық қабілеттер мен ақпаратты талдау дағдыларымен креативті ойлауды қалыптастыра отырып, цфрлық білім беру ресурстарын дамыту арқылы жастарға бағдарламалау, құрастыру, модельдеу және цифрлық сауаттылықты арттыру, 3D модельдеу мақсатында өткен шараға ауданның 12 оқу орынынан командалар қатысты.

Бекітілген ережеге сәйкес бірінші бөлімде әрбір қатысушы төрешілер берген робот үлгісін өз ноутбуктерінде немесе персоналды компьютерлерде “Lego Digital Designer” бағдарламасында роботтар үлгісін вертуальді құрастырды.

Ал, екінші бөлімде қатысушылар өздеріне құрастырылуы тапсырылған роботтарды 2 сағат ішінде түгел және сапалы түрде құрастырып жарысты.

Байқау қорытындысы бойынша өзгелерден үздік шыққан “Б.Момышұлы” мектеп-гимназиясының “Бауыржан батырлары” командасы ІІІ орын иеленсе, ІІ орын №8 жалпы орта мектебінің "Robostars" командасына бұйырды. Байқаудың жеңімпазы болып “Н.Оңдасынов” мектебінің "Зергер" командасы танылды.