ТҮРКІСТАН: Жетісайда жол құрылыс жұмыстары қарқынды

0
107

Жетісай ауданның көлік жолдарының жалпы ұзындығы 365,3 шақырымды құрайды


ТҮРКІСТАН: Жетісайда жол құрылыс жұмыстары қарқынды

Түркістан облысы, Жетісай ауданыда жолдары кезең-кезеңімен жөнделетін болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жетісай ауданның көлік жолдарының жалпы ұзындығы 365,3 шақырымды құрайды. Осы жолдардың 43,6 шақырымы республикалық, 210,4 шақырымы облыстық, 111,3 шақырымы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына жатады. Ішкі көшелердің жалпы ұзындығы 873,2 шақырым, саны – 1145 көше.

2019 жылы Жетісай ауданы бойынша жалпы ұзындығы 52,6 шақырымды құрайтын 67 ішкі көшені орта жөндеуден өткізуге 664 млн. 371 мың теңге және ұзындығы 24,5 шақырымды құрайтын 49 ішкі көшені ағымдағы жөндеуден (тас төсеу) өткізуге 156 млн. 995 мың теңге облыстық және жергілікті бюджеттен бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оған қоса 2019 жылы жалпы ұзындығы 9,79 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар KXJS-36 (Жылы су ауылдық округі Баққоныс, Әл-Фараби елді мекендері) KXJS-29 (Жетісай қаласы Ерубаев көшесі) орта жөндеуден өткізуге Республикалық және облыстық бюджеттен 137 млн 104 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда Жетісай ауданы аумағындағы ұзындығы 11,7 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар KX-117 автомобиль жолына күрделі жөндеу және ұзындығы 35 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар KX-75 автомобиль жолына орта жөндеу жұмыстары басталды. Жалпы құны 2 млрд. 87 млн. теңгені құрайды.
Сонымен қатар, қазіргі таңда Республикалық маңызы бар А-15 «Жібек жолы – Сарыағаш – Абай – Қызыләскер – Асықата – Жетісай -Гагарин» автомобиль жолының 88-90 шақырымында (Жетісай қаласы М.Әуезов көшесі) орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет