ТҮРКІСТАН: Жетісайда жол салу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

0
478

Асфальтбетон сапасын және қалындығын анықтау мақсатында зертханалық сынамалар алыну үстінде.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда жол салу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

Жетісай ауданында жол салу жұмыстар қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жетісай ауданы, Қызылқұм ауылдық округінің Қызылқұм елді мекенінде «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жалпы ұзындығы 11,25 шақырымды құрайтын М.Маметова, А.Молдағұлова, Д.Мамбеталиев, Жамбыл, Қ.Рыскұлбеков, Б.Майлин, Б.Момышұлы, Күлтегін, С.Мамрасилов, Тұйық, М.Нұрбаев, Қызылкұм және Үрпек сынды 13 көшеге құны 304,9 млн теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Қазіргі таңда Б.Майлин, А.Молдағұлова, М.Маметова көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған. Оған қоса, жергілікті бюджет есебінен бөлінген 13 млн 268 мың теңгеге ұзындығы 0,542 шақырымды құрайтын Қарасақал елді мекеніндегі Наурыз көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.


Сонымен қатар, Жетісай ауданында 2023 жылы орташа жөндеуден өткізілген көшелерге «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» Түркістан облысының филиалы тарапынан асфальтбетон сапасын және қалындығын анықтау мақсатында зертханалық сынамалар алыну үстінде.