​ТҮРКІСТАН: Жетісайда жолдарды жөндеуге 3 миллиард теңгеге жуық қаржы қарастырылған

0
114

Биылғы жылы ауданның 136 шақырым жолдар жөндеуден өткізілуде.


​ТҮРКІСТАН: Жетісайда жолдарды жөндеуге 3 миллиард теңгеге жуық қаржы қарастырылған

Жетісай ауданында жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру және автокөлік апаттарының алдын алу мақсатында жол жөндеу жұмыстары ауылдық округтерде де қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жетісай ауданының орталығымен іргелес орналасқан Жаңа ауыл ауылдық округінің ішкі көшелерінің жалпы ұзындығы 70,5 шақырымды құрайды. Оның 45,2 шақырымы асфальт болса, 15,3 шақырым көшеге тас төселген. Ал, 10 шақырым көше табиғи топырақ күйінде.
Биылғы жылға аталмыш ауылдық округтің 15,2 шақырымды құрайтын 11 көшесін орта жөндеуден және ұзындығы 1,7 шақырымды құрайтын 1 көшеге тас төсеуге облыстық және жергілікті бюджеттерден 208 млн 63 мың теңге қаралып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Айта кетерлік жәйт – Жаңа ауыл ауылдық округінің әкімі Нұрлыбек Бахтияровтың бастамасымен ескі көшелерден қырып алынған тастар да пайдаға асырылуда.
«Жолдарға асфальт төселерден алдын ескі асфальтты 5 сантиметрдей қырып алады. Кейін барып жаңа асфальт төсейді. Біздер сол ескі асфальттардың бетінен қырып алынған тастарды да тиімді пайдаланудың жолын таптық. Ол тастарды қазір ауыл ақсақалдарымен кеңесіп мүлдем тас төселмеген топырақ көшелерге төсеп жатырмыз. Облысқа, орталыққа қарап алақан жайып отыра бергеніміз де жарамайды» дейді округ әкімі Нұрлыбек Пердебекұлы.
Жетісай аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұркен Әлмештің мәліметіне сүйенсек биылғы жылы Жетісай ауданының автомобиль жолдарының күрделі, орта және ағымдағы жөндеу жұмыстарына 3 млрд теңгеге жуық қаржы қаралып, 136 шақырым жолдар жөндеуден өткізілуде.

Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет