ТҮРКІСТАН: Жетісайдағы орталық саябақ жаңғыртылып жатыр

0
493

Субұрқақтары мен сауда дүңгіршектері іске қосылатын болады.


ТҮРКІСТАН: Жетісайдағы орталық саябақ жаңғыртылып жатыр

Жетісайдағы орталық саябақта жаңарту жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов Жетісай қаласындағы қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатқан орталық саябақта болып, мердігер мекеме басшыларымен кездесті.


Аудан басшысы алдымен орталық саябақтағы дене шынықтыру кешенінің құрылысымен танысты. Өткен жылы жұмысы басталған қос қабатты нысан биыл ел игілігіне тапсырылады деп жоспарланып отыр.


«Мемлекеттің әрбір тиыны мақсатты жұмсалуы тиіс. Қаланған әр кірпіш пен қағылған әр қазық, атқарылған әр іс сапалы болғанда ғана ел бізге рахмет айтатын болады. Сондықтан, табыс табу мақсатында емес, елден алғыс алу ниетінде жұмыс жүргізіңіздер», - деген Серік Үсенұлы жобаға енгізілген өзгерістермен жіті танысып шықты.


Жаңарған жоба іске қосылған соң орталық саябақта қала тұрғындарына арналған арнайы демалыс орындары, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық сауықтыру кешендері, түрлі ойын атракциондары, үлкендер мен бүлдіршіндерге арналған бассейндер, биіктігі 5 метрге дейін жететін субұрқақтары мен сауда дүңгіршектері іске қосылатын болады.