ТҮРКІСТАН: Жетісайға Нидерланд және БАӘ инвесторлары келді

0
1 253

Олар шаруа қожалықтарының өндірген ауылшаруашылық өнімдерін, оның ішінде мақтаны жергілікті жерде қайта өңдеу арқылы дайын өнімдерді тасымалдауды жоспарлап отырғандарын жеткізді.


ТҮРКІСТАН: Жетісайға Нидерланд және БАӘ инвесторлары келді

Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов Біріккен Араб Әмірлігі мен Нидерланд елінен келген делегацияны қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Құрамында «Hobyo petroleum and mining company» Нидерланд компаниясының бас директоры Абдинасир Алихаджи және Біріккен Араб Әмірлігінен Джасем Мохамед Юсуф Мотамади Алобейдли, «Қаршыға» фермерлік қожалығының басшысы Падаш Бахтияр бар делегация ауданның экономикалық әлеуетімен танысты. Олар шаруа қожалықтарының өндірген ауылшаруашылық өнімдерін, оның ішінде мақтаны жергілікті жерде қайта өңдеу арқылы дайын өнімдерді тасымалдауды жоспарлап отырғандарын жеткізді.


Өз кезегінде аудан әкімі ауданда өндірілетін өнім түрі мен көлемін таныстырып, негізгі дақыл саналатын мақта шикізатынан жіп, мата, киім өндіруді қолға алып экспортқа шығару үшін ауданның мүмкіндіктері зор екенін жеткізді және аудан әкімдігі тарапынан шетелдік инвесторға заң аясында қолдау білдіріп, тиісті көмек көрсету үшін арнайы жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.


Кездесу соңында делегация мүшелері Мақталы ауыл округіндегі «Мақталы Агро» ЖШС меншігіндегі мақта зауытының жұмысымен танысты.