ТҮРКІСТАН: Жетісайлық бағбандар қарқынды баудың пайдасын көріп отыр

0
2 135

Жетісайдағы «Арсенал-Сад» ЖШС-нің қожалығында бүгінде жалпы көлемі 380 гектар қарқынды бау жайқалып тұр.


ТҮРКІСТАН: Жетісайлық бағбандар қарқынды баудың пайдасын көріп отыр

Түркістан облысы, Жетісай ауданының бағбандары өрік бауының алғашқы өнімдерін ала бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жетісай ауданы, Атамекен ауыл округі, Мақташы ауылында орналасқан «Арсенал-Сад» ЖШС-гі биыл 12 гектар өрік алқабының әр гектарынан 20 тоннаға жуық өнім аламыз деп отыр.

Аталған шаруа қожалықта бүгінде жалпы көлемі 380 гектар қарқынды бау жайқалып, бүгінде өз жемісін беріп отыр. Оның 90 гектарын алма, 110 гектарын жүзім, 12 гектарын өрік, 168 гектарын шабдалы, шие, анар секілді жеміс-жидектер құрайды. «Арсенал-Сад» ЖШС-нің агрономы Ерлік Сәдібековтың айтуынша, өріктің бағасы келісіне 700 теңгеден босатылуда.

"Біздің шаруа қожалық 2011 жылы 380 гектар жерге бау еккен болатын. Алғашқы өнімдерімізді 2013 жылдан бастап ала бастадық. Бүгінде өріктеріміз пісіп, жетіліп тұр. Негізінен Қазақстанға жеміс-жидек түрлері көбінде шетелден тасымалданады. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында қолға алған ісіміздің бүгінде жемісін көріп отырмыз. Мәселен, бізде өріктің бір келісі базарлар мен сауда орындарында 600-700 теңге көлемінде саудаланып жатыр", - дейді Ерлік Сәдібеков.