​ТҮРКІСТАН: Жетісайлық имамдар марапатталды

0
1 572

18-қазан – «Рухани келісім күні» қарсаңында имамдарға құрмет көрсетілді.


​ТҮРКІСТАН: Жетісайлық имамдар марапатталды

Жетісайлық имамдардың еселі еңбегі ескеріліп, «Рухани келісім күні» қарсаңында аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

18-қазан – «Рухани келісім күні» қарсаңында Түркістан облысы, Жетісай аудандық «Нұғман» мешітінде аудандағы діни тұрақтылық пен елдегі ынтымақ-бірлікті сақтауда, ұрпақ тәрбиесінде еселі еңбек сіңірген бірқатар имамдар марапатталды.
Діни сауатсыздық пен дінсіздік - адамзатты құрдымға алып баратын бірден-бір жол. Кез-келген қоғамда дін арқылы елді біріктіруге де, бұзуға да болады. Бүгінде әлемде дін арқылы елді біріктіруден гөрі бұзу жағы көбірек көрініс тауып жатқандығы жасырын емес. Онымен қоса ислам дінін атағанда жағаларын ұстататын экстремизм, терроризм сөздері асыл дінімізге күйе жаққалы қашан.
Міне, осындай олқылықтардың алдын алуда, жас ұрпақ тәрбиесінде діни тәрбиенің жеке адам мен қоғам үшін аса қажет екендігін, ислам дінінің бірлік пен тұтастықта өмір сүруді үйретіп, жауапкершілік сезімі мен мінез-құлықты қалыптастыратындығын айтқан Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Омар Есенбеков бірқатар имамдарды аудан әкімі Жамантай Бейсенбаевтың алғыс хатымен марапаттап, сый-сияпат жасады.