ТҮРКІСТАН: Жетісайлық шаруалар жиын-терімге дайын

0
114

Өткен жылы мақталық алқаптың 72 пафызын комбайнмен терген Жаңа ауылдықтар биыл бұл межені 85 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр.


ТҮРКІСТАН: Жетісайлық шаруалар жиын-терімге дайын

Түркістан облысы, Жетісай ауданының шаруа-диқандары бүгінде күзгі жиын-терімге толықтай дайын, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жетісай ауданына қарасты Жаңа ауыл ауылдық округінде биылғы жылы 4677 гектар жерге шитті мақта егілсе, 1051 гектар жерге бақша, 220 гектар жерге жаңа жоңышқа, 300 гектар жерге ескі жоңышқа, 495 гектар жерге дәндік жүгері дәні себілген. Округ бойынша егілген бақшадан 27 111,2 тонна өнім алынса, мақта дақылынан гектарына 27 центнерден ақ алтын жинауды жоспарлап отыр.

“Біз өткен жылы округтегі мақталық алқаптың 72 пайыздан астам жерін комбайнмен тергенбіз. Биыл бұл көрсеткішті 85 пайызға жеткізуді көздеп отырмыз. Бұл мақсатта шаруаларымыз комбайндарын техникалық тексерулерден өткізіп, кейбіреулері жаңадан комбайндар сатып алып жатыр. Биылғы жиын-терімде мақтаны жауын-шашынға қалдырмай ысырапсыз жинап аламыз деген ойдамыз”, - дейді Жаңа ауыл ауылдық округінің әкімі Нұрлыбек Бахтияров.

Шаруа қожалықтарын күнделікті аралап, дайындық жұмыстарын пысықтау округ әкімінің күн тәртібіндегі негізгі мәселелерінің бірі. Өйткені, алажаздай егістік алқаптарда тынымсыз еңбек еткен ауыл диқандарының өнімін ысырапсыз жинап алуларына ықпал ету, көмек беру аудан еңбеккерлерінің әлеуметтік тұрмысын жақсартуына оң ықпал етеді.

Өткен жылы округтегі 648 шаруа қожалығының 3365 гектары комбайнмен терілсе, биылғы жылы 4 мың гектар алқаптың мақтасын техникамен теру межеленіп отыр. Бұл бағытта округтегі 20 комбайн жиын-терім науқанына сақадай-сай.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет