ТҮРКІСТАН: Жібек жолы көшесін жөндеу жұмыстары жуырда аяқталады

0
542

Қазір жоспарланған 6 аялдама орнатылып жатыр.


ТҮРКІСТАН: Жібек жолы көшесін жөндеу жұмыстары жуырда аяқталады

Түркістандағы Жібек жолы көшесін қайта жаңғырту жұмыстары жуық арада аяқталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласы Б.Саттарханов даңғылы мен Шәуілдір бағытына кіре беріс жол аралығындағы Жібек жолы көшесінің қайта жаңғырту жұмыстары жуық арада аяқталады. Мұнда асфальт төселіп, аяқжол, веложол, жарықшамдар мен орындықтар және жасыл желектер егілген. Қазір жоспарланған 6 аялдама орнатылып жатыр.

Мердігер мекеменің атқарған жұмысын көріп, құрылыстың сапалы орындалуын тексерген қала әкімі жолдың қолайсыз тұстарын айтып, "Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің" басшысы Байдулла Оразбеков пен мердігер мекемеге бірқатар тапсырма берді.

Жалпы ұзындығы 1,5 шақырым болатын көше 4 жолақты болып жаңғыртылып, абаттандыру жұмысы жүргізілді. Жалпы, құрылыс жұмысы 2020 жылы басталғалы 120 жұмысшы күші жұмылдырылған.