ТҮРКІСТАН: Жоғалған қарияның мәйіті егістіктен табылды

0
748

Іздеуге полицейлер мен еріктілер, атты ауыл тұрғындары атсалысты.


ТҮРКІСТАН: Жоғалған қарияның мәйіті егістіктен табылды

Түркістан облысында жоғалған қарияның мәйіті егістіктен табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түлкібас ауданы, Қызылту ауылының 1946 жылы туған тұрғыны Молдабек Игенбаев 5 қаңтар күні үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған. Бұл туралы арыз полиция бөліміне 6 қаңтар күні тіркеліп, қарияның жүрген жерін анықтауға бағытталған барлық қажетті іздестіру шаралары жүргізілді. Іздеуге полицейлер мен еріктілер, атты ауыл тұрғындары атсалысты.


Іздеуге жұмылдырылған азаматтар әрбір үй, дүкен, адамдар көп шоғырланатын аймақтарда жоғалған егде жастағы қарияның суретін көрсету арқылы сұрастыру жұмыстарын атқарды. Сонымен қатар, қараусыз қалған ғимараттар, оқиға орнына жақын аумақтағы тау-тас, ой-қыр, егістік алқаптары түгел қаралып, жіті тексерілді. Ұшты-күйлі хабарсыз кеткен тұрғынды аман-есен табу мақсатында полицейлермен бірге ауыл тұрғындары және еріктілер де үздіксіз күні-түні іздеу жұмыстарын жүргізді.


Өкінішке қарай, жоғалған ер адамның мәйіті 8 қаңтар күні сағат 17:00 шамасында "Шүрен төбе"егістік алқабынан табылды. Яғни егістік алқабында сақшылармен бірге жүрген 2 ауыл тұрғыны бірінші болып мәйітті байқаған. Мәйітті сырттай қарау барысында ешқандай зорлық-зомбылық белгілері анықталмады.


Қазіргі таңда сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.