ТҮРКІСТАН: Жол апаты кезінде бірнеше адамды құтқарған екі азамат марапатталды

0
645

10 адам мезгілсіз қаза тауып, 12 адам жарақаттанды.


ТҮРКІСТАН: Жол апаты кезінде бірнеше адамды құтқарған екі азамат марапатталды

Түркістан облысында жол апаты кезінде жолаушыларды құтқарған екі азамат марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


17 шілдеде Ұланбел – Созақ – Шолаққорған – Екпінді тасжолының Шыбыт – Шаян елді мекенінің аралығында бөлігінде 3 көліктің соқтығысуымен ірі жол апаты болды. 10 адам мезгілсіз қаза тауып, 12 адам жарақаттанды.


«Құрбандар саны көп болуы мүмкін бе еді, оқиға кезінде азаматтық танытып, өзгелердің жанын арашалай білген қайсар жандар болмағанда. Олай дейтініміз, сол күні апатқа ұшыраған көліктерің ішінде болған Мұрат Есенқабылов пен Бақытжан Көксубай қасындағы жүргізушілер мен жолаушыларды құтқаруда көзсіз батырлық танытты. Олардың адам өмірін арашалаудағы батылдығы бен жанқиярлығын қоғам жоғары бағалады», - делінген департамент хабарламасында.


Түркістан облысы ПД бастығының міндетін атқарушы Бағланбек Айтпаев өз бастарын қатерге тіге отырып, өзгеге жәрдем берген екі тұрғынды арнайы қабылдап, марапаттады. Басқаларға үлгі боларлық батылдық жасаған алтын жүректі азаматтарға барша полицейлер атынан ризашылық білдіріп, Алғыс хат пен бағалы сыйлықтарын табыстады.


Ірі жол-көлік оқиғасын көздерімен көріп, куәгер болған азаматтар оқиғаның мән-жайына тоқталды. Сол сәтте тек зардап шеккен азаматтарға көмектесуді ойлағандарын жеткізді. Елімізде мұндай жол апаты болмауын тілеп, жүргізушілерден жол ережесін сақтауды өтінетіндіктерін айтты.