ТҮРКІСТАН: Жолаушы тасымалдаған тұрғын жауапқа тартылды

0
860

Карантин талабын бұзған тұрғынға айыппұл салынды.


ТҮРКІСТАН: Жолаушы тасымалдаған тұрғын жауапқа тартылды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Карантин кезінде автокөлікпен жолаушыларды тасымалданғаны үшін сайрамдық тұрғын заң алдында жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысы Сайрам ауданыныңтұрғыны Л. карантин режимін біле тұра арнайы рұқсатсыз жолаушы тасымалымен айналысқан. Нақтырақ айтқанда 24 шілде күні 10 сағат 00 минут шамасында Сайрам ауданы Ақсукент ауылы Жібек жолы бойында «Арзан» маркеті алдынан Қарасу ауылы бағыты аралығында маркасы Opel Astra автокөлігімен тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз жолаушыларды заңсыз тасымалдаған. Яғни такси қызметін атқарған.

Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік іс Сайрам аудандық сотында қаралды. Сот отырысында құқық бұзушы Л. өзінің кінәсін толық мойындап, өкінетінін, өзіне қатысты толтырылған хаттамен келісетінін айтты. Сайрам аудандық сотының шешімімен құқық бұзушы Л. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

"Еліміздің мемлекет Басшысы азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету үшін адамдар көп жиналатын орындардың қызметі шектетілген, алайда өкінішке орай барлығымен қабылданған шаралар сақталмауда", - деп мәлімдеді Сайрам аудандық сотының баспасөз қызметі.