ТҮРКІСТАН: "Жолда қабылдау" акциясы өтуде

0
1 924

Акцияның негізі мақсаты: жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көші-қон заңнамасын сақтау, мемлекеттік қызметтерді көрсету бөлігіндегі автокөліктерді тіркеу, көлік құралдарын қайта жабдықтау, жол жүрісін ұйымдастыру, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл төлеу мәселелері бойынша тұрғындар сауалдарына жауаптар беріліп, кеңестер айтылады.


 ТҮРКІСТАН:

Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері республикалық "Жолда қабылдау" акциясын өткізуде. деп хабаралайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Полиция департаментінің жеке байланыс және тұрғындармен кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында полиция құрылымдарының басшылары қала тұрғындарымен Түркістан қаласының Есімхан алаңы мен Тәуке хан көшесінің бойындағы Қуаныш базарында республикалық "Жолда қабылдау" акциясы аясында кездесуде.

Туындаған мәселелері мен жеке сұрақтарға байланысты тіркеу-емтиханы бөлімінің мамандары, жол-техникалық қадағалаудың қызметкерлері, әкімшілік полиция басқармасының полицейлері халыққа қызмет көрсетуде. Сондай-ақ, арнайы жабдықталған автобустарда әкімшілік айыппұлдар, полиция қызметіне қатысты көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді цифрландыру форматы арқылы да қызмет алуда.

Айта кетейік, Түркістан облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан "Жолда қабылдау" акциясы мамырдың 17-18 күндері өз жалғасын табатын болады