ТҮРКІСТАН: Жыл басынан бері 2000-ға жуық құқықбұзушылық тіркелген

0
464

Өткен жылы 1142 құқықбұзушылық анықталған.


ТҮРКІСТАН: Жыл басынан бері 2000-ға жуық құқықбұзушылық тіркелген

Түркістан облысының полицейлері жыл басынан бері жалпы 2000-ға жуық құқықбұзушылықты тіркеді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мақтаарал АПБ-нің ЖПҚБ-нің учаскелік полиция инспекторлары ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің ерекше бөліміндегі тәртіпсіздікке «нөлдік төзімділік» қағидатын жүзеге асыруға, азаматтардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыруға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға тікелей әсер ететін ҚР ІІМ-мен белгіленген баптары бойынша, 2021 жылдың 4 айында жалпы нөлдік төзімділік қағидаты бойынша 1992 құқықбұзушылық анықтаса, өткен жылы 1142 құқықбұзушылық анықталған.

Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабымен «Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер»-52, 133-бабы «Он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекiнi және темекi бұйымдарын сату және олардың сатуы» бойынша 2 құқықбұзушылық, 200-бабымен «Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу» - 11, 204-бабымен «Белгiленбеген орындарда сауда жасау» - 187 құқықбұзушылық, 408-бабы «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзуы» бойынша - 553, 434-2-бабымен «Ортақ пайдаланатын орындарды ластау» бойынша - 392 құқықбұзушылық тіркелген.

Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің440-бабы «Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу» бойынша - 219, 441-бабымен «Жекелеген қоғамдық орындарда темекi шегуге тыйым салуды бұзу» - 85, 442-бабы 2 бөлігімен «Кәмелетке толмағандардың заңды өкiлдерiнің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болуы» - 7 құқықбұзушылық және 449-бабы «Қоғамдық орындарда тиісу» бойынша - 330 құқықбұзушылық анықталып, әкімшілік шара көрілген.

Мәселен, Мақтаарал ауданының жергілікті тұрғыны қоғамдық орында адамның қадір-қасиетіне нұқсан келтіретіндей дәрежеде мас халде жүргені анықталды. Аталған тұрғынға медициналық сараптама тағайындалып, сараптама қорытындысына сәйкес, полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы «Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу» бойынша әкімшілік хаттама толтырған.