ТҮРКІСТАН: «Жылдың ең үздік әлеуметтік жас кәсіпкері» анықталды

0
501

Жас көшбасшылар бес номинация бойынша сайысқа түсті.


ТҮРКІСТАН: «Жылдың ең үздік әлеуметтік жас кәсіпкері» анықталды

Татарстан елі Қазан қаласында халықаралық жас көсбасшылар премиясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақстан Республикасы Министрлігінің атынан халықаралық Брикс және Шанхай ынтымақтастық ұйымына жылдың ең үздік жас көшбасшысы байқауына Нұрсұлтан Жүсіпбаев ұсынылған болатын.


10-13 желтоқсан аралығында Татарстан елі Қазан қаласында халықаралық жас көсбасшылар премиясы өтті. Онда «Жылдың ең үздік әлеуметтік жас кәсіпкері» атағын түркістандық Нұрсұлтан Жүсіпбаев жеңіп алды.


Аталған премияға Брикс және Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) мүшелері Қазақстан, Бразилия, Индия, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікістан, Өзбекстан, Оңтүстік Африка және Ресейден өкілдер келіп қатысты.


Жас көшбасшылар бес номинация бойынша сайысқа түсті. Оның ішінде «Жылдың медиа-инфлюенсері», «Жылдың әлеуметтік кәсіпкері», «Жылдың қоғамдық дипломатия жобасы», «Жыл зерттеушісі», «Елдің экологиялық бастамашысы» аталымдары бар.


«Жылдың әлеуметтік кәсіпкері» номинациясында қазақстандық Нұрсұлтан Жүсіпбаев пен пәкістандық Мухаммад Талал Эжаз жеңімпаз атанды. Нұрсұлтан Үмбетұлы аз қамтылған отбасылардан шыққан дарынды балалар үшін тегін жеке мектеп – Фараби мектебін ұйымдастырып, басқа да әлеуметтік бағыттағы жобаларды – үстел теннисінен жыл сайынғы турнир мен «Коворкинг» жастар орталығын, «AQYLMAN» жыл сайынғы интеллектуалды ойының іске асырды.