Түркістанда 1 сынып оқушыларын қабылдау 1 маусым - 30 тамыз аралығында жүреді

0
1 822

Ал, балабақшаларға қабылдау жыл он екі ай бойы іске асады


Түркістанда 1 сынып оқушыларын қабылдау 1 маусым - 30 тамыз аралығында жүреді

Түркістанда білім ошақтарына 1 сынып оқушыларын қабылдау 1 маусым мен 30 тамыз аралығында басталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

SAKURA порталы арқылы (https://sakura.turkestan.e-orda.kz/ru/) өтінім беру үшін:

өтініш,

2008 жылға дейін туылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігінің көшірмесі,

денсаулық жағдайы туралы анықтама,

баланың 2 данада 3х4 см. өлшеміндегі фотосурет қажет.

Ал, балабақшаларға қабылдау жыл он екі ай бойы іске асады. Ол үшін INDIGO (Indigo.turkestan.e-orda.kz) порталы арқылы өтінім бересіз. Ол үшін баланың туу туралы куәлігі, сонымен қатар ата-анасының бірінің жеке құжаты және де байланыс нөмірлері қажет. Балабақша бойынша жауапты маман, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдіскері - Гүлбану Ұзақ (8775 509 10 79).

Балабақшаға ата-ана жеке кабинет арқылы egov.kz сайтымен де кезекке қоя алады.

Сонымен қатар, жазғы демалыс лагеріне қабылдау, мектеп жанындағы демалыс орындарына жолдама алуға да электронды түрде SAKURA порталы арқылы өтінім беріледі. Мектепке барып, уақыт жоғалтпауға мүмкіндік беретін жүйелер осы жылдан бастау алған.

Бейнероликте көрсетілген нұсқаманы назарларыңызға ұсынамыз: