Түркістанда 1500 бейнебақылау камерасы орнатылады

0
541

Қылмыс 5 пайызға төмендеген.


Түркістанда 1500 бейнебақылау камерасы орнатылады

Түркістанда қауіпсіздікті сақтау мақсатында 1500 бейнебақылау камерасы орнатылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Қауіпсіз қала» жобасын жүзеге асыру мақсатында биыл Түркістан қаласындағы қоғамдық орындар мен көпқабатты үйлердің аулаларына 1500 бейнебақылау камерасы орнатылмақ. Бұл – тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қылмыс пен бұзақылықтың алдын алу үшін қолға алынған шара.


Қазіргі таңда қалада 1036 бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр. Оның ішінде жылдамдықты өлшейтін 40 «Сергек» камерасы болса, қосымша 26 көше қиылыстарына «Сергек» камералары орнатылып жатыр. Кешенді іс-шаралардың нәтижесінде қылмыс былтыр 5 пайызға төмендеген.


Қала қауіпсіздігінде түнгі жарықтандыру да маңызды. 2021-2022 жылдар аралығында қалада 267 шақырымды құрайтын 201 көшені жарықтандыру жоспарланып, қазіргі таңда 147,8 шақырымды құрайтын 155 көшесіне жарықтандыру жүйесі жүргізілді. Қалған 46 көшенің жарық жүйесі биыл тартылып, тұрғындарды қуанышқа бөлемек.