Түркістанда 160 мыңнан аса ағаш көшеті егілген

0
2 460

Мұнда егілген ағаштардың басым бөлігін қарағай, шынар сынды ағаш түрлері құрайды.


Түркістанда 160 мыңнан аса ағаш көшеті егілген

2020 жылы Түркістан қаласында 160 мыңнан түптен аса ағаш егілген, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Облыс орталығының қазіргі таңда жасыл желекті аумағы кеңейе түсті. Бұл қала экологиясын жақсартып, тұрғындар мен қонақтар үшін жайлы жағдай жасау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстардың жемісі.

Жалпы, 2020 жылы шаһарда барлығы 160967 түп ағаш егілген. Оның ішінде қаланың ерекше статусқа ие болуына байланысты өңір басшысы Өмірзақ Естайұлының тапсырмасына сәйкес іске асқан секторлардағы көгалдандыру бойынша отырғызылған ағаштар саны да қосылған.

Бұл ретте, облыс аудандары мен басқармалар тарапынан да көрсетіліп жатқан көмектер едәуір үлес қосуда. Мұнда егілген ағаштардың басым бөлігін қарағай, шынар сынды ағаш түрлері құрайды. Жоспар бойынша жұмыс көлемі әлі де арттырылмақ ниетте.