Түркістанда 200-ден астам жарнамалық құрылым орнатылады

0
1 038

Жұмыстар 2021 жылдың соңына дейін атқарылады.


Түркістанда 200-ден астам жарнамалық құрылым орнатылады

Түркістан қаласында 40 велосипеді бар 5 велобекет орнатылған, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Түркістан» ӘКК» АҚ мен Өңірлік коммуникациялар қызметі бірлесіп Түркістан қаласында пресс-тур ұйымдастырды. Шара барысында журналистер агроөнеркәсіптік, туризм, құрылыс салаларына қатысты бірқатар нысандарда болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

БАҚ өкілдері аялдаған нысанның бірі Н.Назарбаев даңғылындағы ақпараттық-мультимедиялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жоба болды. Онда қаланың туризм саласындағы жаңалықтар және туристерге қажетті ақпараттарды насихаттауға арналған LED экран қойылған.

Айта кетейік, 2021 жылдың соңына дейін тағы 215 жарнамалық құрылым орнату жоспарлануда. Бүгінгі күні серіктес-инвестордың есебінен жалпы сомасы 400 млн. теңгеден астам 34 жарнамалық құрылым орнатылып, жобаның бірінші кезеңі аяқталды.

Сондай-ақ, мұнда «Turkistan Bike» автоматтандырылған велопрокат жобасы жүзеге асырылған. Бұл жоба аясында қала бойынша 40 велосипеді бар 5 велобекет орнатылған. Жобаның пилоттық іске қосылуы сәтті өтті және қазіргі уақытта жергілікті тұрғындар арасында, сонымен қатар, қала қонақтары арасында да үлкен сұранысқа ие.

Пресс-турдан соң облыс әкімінің орынбасары С.Қалқаманов және «Түркістан» ӘКК» АҚ Басқарма төрайымы Айгүл Ахмеджанованың қатысуымен брифинг ұйымдастырылды. Жиын барысында А.Ахмеджанова баяндама жасап, журналистердің сауалдарына жауап берді.