Түркістанда 2000-нан астам отбасына АӘК тағайындалған

0
372

1752 отбасыға шартты, 601 отбасыға шартсыз түрде берілді.


Түркістанда 2000-нан астам отбасына АӘК тағайындалған

Түркістан қаласында 2353 отбасының 12 501 адамына 473 658.3 мың теңге төлем жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласы бойынша 2021 жылдың 5 айында, яғни екінші тоқсанда 2353 отбасына Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Оның ішінде 1752 отбасы шартты түріне, 601 отбасы шартсыз түріне ие болды. Атап айтқанда, 2353 отбасының 12 501 адамына 473 658.3 мың теңге төлем жүргізілді.


Одан өзге, Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың 1-6 жас аралығындағы 2373 балаға кепілдендірілген әлеуметтік топтама берілген. Айта кетейік, екінші тоқсан бойынша Атаулы әлеуметтік көмек алудың 2021 жылы күн көріс деңгейі 33 190 теңге, кедейлік шегі 23 233 теңге болып бекітілді.