Түркістанда 24 көшеге асфальт төселеді

0
607

Жол салу жұмыстары басталды.


Түркістанда 24 көшеге асфальт төселеді

Биыл Түркістандағы 47 көшеге тас төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биыл Түркістандағы 24 көшеге асфальт жабындысын төсеу және 47 көшеге тас төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда жоспарға сәйкес, Әйтеке би және Ақниет көшелерінде жол салу жұмыстары басталды.


Өткен жылдың қорытындысы бойынша, қаланың 18 көшесі асфальтпен қамтамасыз етілсе, 185 көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізілген. Одан бөлек, 150 аялдама салынып, 134 көшеге жарықшамдар орнатылды.


Аталған бағытта 2023 жылы 138 көшеге жарықшамдар мен 100 аялдама орнату жоспарлануда.


Жалпы Түркістан қаласында 845 шақырымды құрайтын 875 көше бар. Оның 39 пайызы асфальтты көше. Асфальт төсеу жұмыстары ең алдымен халық тығыз орналасқан және инфрақұрылым жүйесі толық қамтамасыз етілген көшелерде жүргізілуде. Қалған көшелерге жол жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі.