Түркістанда 4500 шаршы метр аумаққа газон егілді

0
692

Дастанов көшесіне жаңадан суару жүйесі жүргізілді.


Түркістанда 4500 шаршы метр аумаққа газон егілді

Түркістан қаласының көркеюіне түлкібастықтар үлес қосуда, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҚР Президенті Түркістан қаласын климаты қолайлы, жасыл қалаға айналдыру қажеттігін атап өткен болатын. Осы мақсатта облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен қала 32 секторға бөлініп, әр секторға жауапты аудан, қала өз аумағында ағаш отырғызу және абаттандыру жұмыстарын жүргізуге тапсырма берілді.

Осыған орай, аудан әкімі Н.Байғұт бастаған түлкібастықтар өзіне бекітілген 14-секторда сенбілік және көшет отырғызу жұмыстарын іске асыруда. Сенбілік жұмыстары аясында жалпы ұзындығы 14 шақырымды құрайтын 9 көше тазаланып, аталған көше бойларына 6800 түп ағаш көшеттері (арша, «Гүжім» қарағашы, терек) отырғызылып, 4500 шаршы метрге газон егілді. Сондай-ақ, орталық Дастанов көшесіне жаңадан суару жүйесі жүргізілді.

Сенбілікке ауылдық округтер және аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер қатысты. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын тауып, нәтижесінде 7 мыңнан астам арша, терек, қара ағаш көшеттері отырғызылмақ. Аталған бастамаға әр аудан мен қала атсалысуда.