Түркістанда «Айбын–2022» әскери-патриоттық сайысы өтті

0
743

Жеңімпаздар республикалық жарысқа барады.


Түркістанда «Айбын–2022» әскери-патриоттық сайысы өтті

«TURAN-BALAFEST» онкүндігі аясында «Айбын–2022» VIII облыстық әскери-патриоттық жарысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында «Балалар жылы» және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығына байланысты «TURAN-BALAFEST» онкүндігі аясында «Айбын–2022» VIII облыстық әскери-патриоттық жарыс өтті.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасын бекіту туралы» №724 қаулысының «Жастарды әскери–патриоттық тәрбиелеу жөніндегі шаралар кешенін іске асыру: жасөспірімдер мен жастарды беделді жаттықтырушылармен әскери–патриоттық тәрбиелеу бойынша мастер–кластар, пікірталас алаңдарын өткізу және тағы басқалар» туралы жетінші іс-шарасын және Қазақстан Республикасындағы жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша жұмысты жетілдіру мәселесі бойынша кеңейтілген отырыстың 2021 жылғы 8 сәуірдегі №1 хаттамасымен бекітілген «Біртұтас ұлт – біртұтас әскер» жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру елдегі жастарды әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың бойында Отанын қорғауға деген отансүйгіштік сезім мен ер-азаматқа тән қасиеттерді қалыптастыру мақсатында 2022 жылғы 22-24 мамыр күндері санитарлық талаптарды сақтай отырып, Түркістан облысы, Сайрам ауданы «Ақсу» жазғы сауықтыру лагерінің базасында жасөспірімдер мен жастарды беделді жаттықтырушылармен әскери–патриоттық бағытта тәрбиелеу бойынша «Айбын-2022» VIII облыстық әскери-патриоттық жастар жиыны өнірдің 10-11 сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Сайысқа Түркістан облысының барлық аудан, қалаларынан жалпы саны 340 оқушы қатысты.


Жастар әскери-қолданбалы спорт түрлерінен, плащ түріндегі жалпы әскери қорғаныс жинағы мен газқағарды уақытқа кию, әскерилендірілген эстафета және АК-74 автоматын толық емес шашу мен жинақтау сынды нормативтерді орындады.


Сонымен бірге, олар интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін де әділқазылар алдында сынға салды.


Аталған іс-шара жеңімпаздарына 2022 жылдың 20-25 маусым күндері Қарағанды облысындағы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің «Спасск» оқу орталығында өтетін «Айбын-2022» VIII республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына жолдама берілді.