Түркістанда ақтөбелік ақын-жазушылармен кездесу өтті

0
883

Қаламгерлер жаңа жинақтарын тарту етті.


Түркістанда ақтөбелік ақын-жазушылармен кездесу өтті

Түркістанда «Ақтөбе әдебиет ордасы» атты ақтөбелік ақын-жазушылармен кездесу кеші өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласындағы «FАRАВ» кітапхасында «Ақтөбе әдебиет ордасы» атты ақтөбелік ақын-жазушылармен кездесу кеші өтті. Рухани кездесуге Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Светқали Нұржан, Қазақстан Жазушылар Одағы Ақтөбе облысы филиалының төрағасы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Е.Ашықбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Үш таған» журналының бас редакторы, «Құрмет» орденінің иегері О.Байсеңгір, «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры, Қазақстан Журналистер Одағы Ақтөбе облысы филиалының төрағасы Р.Отыншин, көсемсөз шебері, аудармашы және мәдениеттанушы М.Ақдәулетұлы, тарихшы, өлкетанушы Б.Мырзабай, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, ақын Б.Қалмағанбетов, жас ақын Д.Тілеухан және жергілік зиялы қауым өкілдері қатысты.


Ақтөбелік қонақтар өз туындыларын оқып, әдебиетсүйер қауыммен сұқбат құрды. Кеш соңында қаламгерлер кітапханаға өздерінің жаңа жинақтарын тарту етті.


Сондай-ақ, FАRАВ» кітапхасында «Алтын аймақ - Ақтөбе» және «Ақтөбе облысының архитектуралық ескерткіштері» атты фотокөрмелер өтті.


Сонымен қатар, кітапханада оңтайлы сандық планетарийді көруге келген балалар аспан әлеміне саяхат жасап, «Алақай» облыстық қуыршақ театрының «Жадыра, жайна достар» қойылымын тамашалады.