​Түркістанда алғаш рет жас психологтарға арналған республикалық форум өтті

0
2 167

Арнайы Ресей еліненде қонақтар келді.


​Түркістанда алғаш рет жас психологтарға арналған республикалық форум өтті

Түркістан облысы Түркістан қаласында психолог мамандарының жиыны өтті, деп хабаралайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі мен Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті және «Қазақ психологиялық қоғамы» Республикалық коғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жаһандану әлеміндегі жастардың психологиялық денсаулығы» тақырыбында Республиканың барлық аймақтары, аудан, қалалық білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарының және тәжірибелі психолог мамандардың қатысуымен республикалық жас психологтардың форумы ұйымдастырылды.

Республикалық жас псиxологтар форумында "Жастар арасында құқықбұзушылық пен зорлық зомбылықтың алдын алу" тақырыбы бойынша мәскеулік заманау НЛБ институтының ректоры, Ресейдің ең атақты НЛБ тренері - Пелехатый Михаил Михайлович, "Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу" тақырыбында Алматы қаласы, «Қазақ психологиялық қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті, п.ғ.д., профессор - Перленбетов Мұқан Әтенұлы, "Жасөспірім қыздар арасында ерте жүктілік мәселесін болдырмау жолдарын ұсыну" үшін Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің профессоры, Phd докторы - Елшібаева Күлмаш Ғалымжанқызы, "Оқу үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жасау тәсілдері" тақырыбында Түркістан қаласы, Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің п.ғ.д., профессор - Беркимбаев Камалбек Мейірбекұлы, "Білім беру ұйымдарында психологиялық қызмет сапасын жоғарылату" бойынша Шымкент қаласы, «REFRAME» Тұлғалық дамыту орталығының басшысы, тренер-психолог – Вероцкая Гульжан Ералықызы жүргізді.

Шараға 500-ден аса жас псиxолог мамандар мен педагогика және псиxология мамандығының бітіруші түлектері қатысуда.