Түркістанда Әлібек Дінішевтің мерейтойы өтті

0
666

Әнші қазақ және әлем композиторларының классикалық әндерін шырқады.


Түркістанда Әлібек Дінішевтің мерейтойы өтті

Түркістандағы «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде КСРО-ның және Қазақстанның халық әртісі Әлібек Дінішевтің мерейтойлық концерті өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласы мәдениет пен руханияттың орталығына айналып келеді. Соның дәлеліндей, 5 желтоқсанда Түркістандағы «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде КСРО-ның және Қазақстанның халық әртісі Әлібек Дінішевтің мерейтойлық концерті өтті.


Көңілді сергітіп, ән әлеміне жетелеген өнер кешінде әнші қазақ және әлем композиторларының классикалық әндерін шырқады. Атап айтсақ, халық әндерімен қатар Абай Құнанбайұлы, Жаяу Мұса, Төлеген Мұхамеджановтың шығармалары орындалды. Сонымен бірге Матвей Блантер, Арно Бабаджанян және өзге де аса дарынды өнер иелерінің әуендерінен шашу шашты.


Биыл мерейлі 70 жасқа толған Әлібек Дінішев – қазақ ән өнерін әлемдік деңгейде танытқан тұлғалардың бірі. Мерейтой иесі Түркістандағы оң өзгерістерге жоғары бағасын беріп, өнер кешіне арнайы келген әнсүйер қауымға ризашылығын білдірді.