Түркістанда ардагер спортшылар сынға түсті

0
354

40-60 жас аралығындағы спортшылар бақ сынасты.


Түркістанда ардагер спортшылар сынға түсті

Түркістанда ардагер спортшылар үстел теннисінен бақ сынады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласында ардагер спортшылар арасында үстел теннисінен жарыс өтті. Халықаралық туризм және мейрамдостық университетіндегі спорт кешенінде ұйымдастырылған шараның ашылуына Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Ғалымжан Хұдияров, еңбек ардагері Үмбет Жүсіпбаев және №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ануар Сарсенбаев қатысты. Түркістан қаласының «Құрметті азаматы», Қазақстанның білім беру үздігі, үстел теннисінен жаттықтырушы, ардагер бапкер Оразбек Божбанбаевтың 75 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған сайысқа Түркістан қалалық әкімдігі мұрындық болған. Аталған бәйгеде 40-60 жас аралығындағы спортшылар бақ сынасты.


Жарыс нәтижесі бойынша үстел теннисі жаттықтырушылар арасында І орын Полатханов Рахат (Түркістан қаласы) жеңіп алды. ІІ орынды Қалдарбеков Мәди (Отырар ауданы), ІІІ орынды Муханбет Әлі Дәулет (Жетісай қаласы) иеленді. 60+ жас спорт ардагерлер арасында І орын Қамысбаев Біржанға (Жамбыл облысы), ІІ орын Ким Николайға (Шымкент қаласы), ІІІ орын Ким Леонидке (Қызылорда қаласы) бұйырды. 50-60 жас спорт ардегерлер арасында І орынмен Тульбасиев Нартай (Түркістан қаласы), ІІ орынмен Тилегенов Сұлтангерей (Ақтау қаласы), ІІІ орынмен Расулов Абдул Ахад (Ташкент қаласы) марапатталды. Ал 40-50 жастағылар арасынан І орынды Камалов Ойбек (Ташкент қаласы), ІІ орынды Бакулов Болат (Қызылорда қаласы), ІІІ орынды Машрапов Дәулет (Шымкент қаласы) иеленді.