​Түркістанда «азық-түлік белдеуі» мен «жасыл белдеуі» құрылады

0
1 450


​Түркістанда «азық-түлік белдеуі» мен «жасыл белдеуі» құрылады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістанда «азық-түлік белдеуі» мен «жасыл белдеуі» құрылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облыстық мәслихатының алтыншы шақырылымдағы кезекті отыз жетінші сессиясында облыс әкімі Ө.Шөкеев аталған «азық-түлік белдеуі» мен «жасыл белдеуі» туралы айтып өтті.
- Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалаға су арналарын жүргізіп, қажетті азық-түлік өнімін өндіруді дамыту арқылы Түркістан қаласының айналасынан «азық-түлік белдеуін» құру керек. Бұдан басқа, Түркістан қаласының айналасындағы және Шымкент-Түркістан трассасының бойындағы аумақтарды көгалдандыру арқылы «жасыл белдеу» қалыптастыруға болады, – деді Өмірзақ Естайұлы.