Түркістанда белгісіз азаматтар тал түсте оқ атқан (видео)

0
544

Бір азаматты сүйреп, көлікке салған.


Түркістанда белгісіз азаматтар тал түсте оқ атқан (видео)

Түркістанда травматикалық қарудан оқ атқандар анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Instagram желісінде Түркістандағы көшелердің бірінде белгісіз азаматтардың оқ атқаны жайлы видео тарады. Бейнематериалдан біреуі қашып, біреуі қуып бара жатқан азаматтардың жолды кесіп өткенін, қарудан атылып, бір азаматты сүйреп көлікке салып жатқанын байқауға болады.



Аталған оқиға жайлы олыстық полиция департаменті ресми мәлімдеме жасады. Аталған ақпаратқа сүйенсек, күдіктілер анықталған.

«Бүгін Түркістан қаласы көшелерінің бірінде белгісіз біреулер травматикалық қарудан оқ атқан. Аталған жайтты полицейлер Түркістан ҚПБ-да 293-бап «Бұзақылық» бойынша тіркеді. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар адамдарды анықтады. Оларды ұстауға қатысты шаралар қабылдануда. Болған оқиғаның толық мәнжайы анықталуда», - делінген 24 сәуір күнгі мәліметте.