Түркістанда "Дәмді" тағамдар фестивалі өтті

0
970

Кафе-дәмханалар кезекті орындарға ие болып, сый-сияпаттар берілді.


Түркістанда

Түркістанда Бүкіләлемдік туризм күні қарсаңында қалалық "Дәмді" тағамдар фестивалі екінші рет қатарынан өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласындағы туризм саласына қызмет етіп жүрген 16 кафе өз мәзіріндегі тағамдарын қала әкімінің орынбасары Тәжібек Қалманұлы бастаған комиссия мүшелері мен келген қонақтарға ұсынды.

Нәтижесінде, "Диадора" кафесі бас жүлдеге, одан әрі "Эдем", "Шаңырақ", "Уақ", "Индира", "Мансарда" сынды кафе-дәмханалар кезекті орындарға ие болып, сый-сияпаттар берілді.

Сонымен қатар, Түркістан қаласының туризм әлеуетін дамытып жүрген туроператорлар мен турагенттіктер де марапатталды. Аталған шараны, жыл сайын мереке қарсаңында өткізу жоспарланған.

Айта кетейік, шара одан әрі кесене аумағында бой көтерген Этноауылда жалғасып, келушілер орнатылған киіз үйлер мен концерттік шараны тамашалады. Тәжібек Қалманұлы еліміздің Алматы, Атырау, Ақтау, Тараз сынды қалаларынан келген туроператорлар мен турагенттік өкілдеріне туристер келген жағдайда, күтіп алуға дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар, "Amazing Turkistan" туристерге арналған жүйесі туралы кеңінен ақпарат беріліп, қолдау көрсетілетіні айтылды.