Түркістанда дезинфекциялау жұмыстары күшейтіледі

0
407

109 - бірыңғай байланыс орталығында түскен өтініштер назарға алынады.


Түркістанда дезинфекциялау жұмыстары күшейтіледі

Түркістан қаласы аумағында дезинфекциялау жұмысы жанданады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Рашид Абатұлы төрағалық еткен мәжіліс кезінде айтып өтті. Коронавирус індеті таралуының алдын алу мақсатында тұрғындар арасында сақтық шараларының ұстануын жан-жақты түсіндіріп, қоғамдық орындар мен халық көп шоғырланатын жерлерде дезинфекция жұмысын қарқынды жүргізуді тапсырды.

Түркістан қаласында тазалық жұмыстарына да ерекше көңіл бөлінген. Рашид Абатұлы "Түркістан жарық-тазалық", "Жасыл Түркістан" және "Жасыл Арман" ЖШС мекемелерінің кестеге сай жұмыс істеп, 109 - бірыңғай байланыс орталығында келген өтініштерді назарға алуды тапсырды.

Сонымен қатар, қаланы абаттандыру мен көгалдандыру және жол саласында да жұмыстар жүріп жатыр. Атап айтқанда, біржылдық және көпжылдық гүлдер егіліп, көгалдарға күтім жасалуда. Одан өзге, Жібек жолы көшесі бойынан 6 аялдама орнатылып жатыр. Сондай-ақ, ластанған жолайрықтарды жаңартып, қайта сызу жұмыстары жүруде.