Түркістанда электр желісі жаңартылып жатыр

0
1 079

3000 шақырымнан астам электр желісі, 1266 трансформатор, 17 қосалқы станция бар.


Түркістанда электр желісі жаңартылып жатыр

Түркістанда 356 трансформатор заңдастырылып, 144-і жөнделді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласында жалпы 3000 шақырымнан астам электр желісі, 1266 трансформатор, 17 қосалқы станция бар. Былтыр 144 трансформаторға жөндеу жүргізіліп, 10 трансформатор ауыстырылды. Одан бөлек 37 трансформатор орнатылып, оларды электр желісіне қосу жұмысы жүргізіліп жатыр. 30 дана жаңа трансформатор алынып, қажеттілік туындаған жағдайда ауыстыру жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған.


Бүгінде қосымша 10 трансформаторға мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Биыл жаңадан қоныстанған тұрғындарды сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету жобасы әзірленіп, сараптамаға ұсынылды. Жоба аясында қала аумағындағы электр желілерін кабельге ауыстыру және барлық абоненттерді заманауи есептегіш құралымен қамту көзделген.


Қала аумағындағы тозығы жеткен электр желілерін ауыстыру, трансформаторлар мен бағаналарды ауыстыру жұмыстары да жүйелі. Негізгі көшелердің желілерін заман талабына сай кабельді желіге ауыстыру 4 жоба аясында жасалуда. Қазіргі таңда коммуналдық меншіктердегі 356 трансформатор заңдастырылды. 1655 шақырым электр желілерін құжаттандыру процессі жүргізілуде.


Арнайы жүргізілген тексеріс жұмыстары арқылы қала аумағында иесіз 22 электр желісі, 11 трансформатор анықталған. Осы нысандар заңға сәйкес коммуналды меншікке алынады.


Жалпы облыс орталығы атанғалы бері Түркістан қаласының инфрақұрылымы заман талабына сай жаңғыртылды. Газбен, сумен, сапалы электр қуатымен қамтуы ісі жанданды.