Түркістанда футбол академиясы ашылады

0
838

Мұз сарайы мен Ескек есу каналы пайдалануға берілмек.


Түркістанда футбол академиясы ашылады

Түркістан облысында балалар футболы қарқынды дамып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында балалар футболы қарқынды дамып келеді. Алдағы уақытта облыс орталығы Түркістан қаласында жасөспірімдерге арналған футбол акамедиясы ашылады. Қазіргі таңда құжаттары әзірленіп жатыр. Бұл туралы брифингте облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев мәлімдеді.


Бұдан бөлек басқарма басшысы Түркістан қаласындағы Туризм және меймандостық университетінде биыл спорттық туризм факультеті ашылатынын мәлімдеп, өңірдің спортшыларының жетістіктеріне тоқталды.


"Түркістан облысында республикалық және халықаралық чемпионаттардың қорытындысы бойынша 2 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 12 ҚР спорт шебері және 44 спорт шеберіне кандидат спортшылар дайындалды. Сонымен қатар, өткен жылы ұлттық құрамаға облыстан жалпы 429 спортшы енген болатын. Қазіргі таңда саңлақтарымыз 2024 жылы өтетін Париж олимпиадасына қызу дайындық үстінде", - деді басқарма басшысы.


Қазіргі таңда облыста 4 647 спорт ғимараттары тіркелген. Облыс орталығында былтыр халықаралық теннис орталығы ашылды. Биыл Түркістанда Мұз сарайы мен Ескек есу каналы пайдалануға берілмек.