Түркістанда гидтерге арналған семинар-тренинг өтіп жатыр

0
2 918

Гид-экскурсовод бұл облысқа келуші қонақтарға алғашқы әсер қалдыратын қызметкерлердің бірі.


Түркістанда гидтерге арналған семинар-тренинг өтіп жатыр

Түркістан облысының туризм басқармасы облыс орталығында семинар өткізуде, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2021 жылдың 11-23 ақпан күндері аралығында Түркістан облысының туризм басқармасы «Turkistan Tourism Center» туристік-ақпараттық орталығымен бірлесіп, Түркістан қаласында ауқымды гид-экскурсоводтарға арналған жиын өткізуде. Оқудың мақсаты – облыстың туристік объектілерімен танысудың кәсібилік сапасын арттыру, біздің өңірге келетін қонақтар және туристермен жұмыс істейтін гид-экскурсоводтардың біліктілігін арттыру мен дайындау.

Аймақтың тарихын, тіл тарихын, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін білетін кәсіби гид-экскурсовод бұл облысқа келуші қонақтарға алғашқы әсер қалдыратын қызметкерлердің бірі. Өз кезегінде, семинарға қазақ, орыс, түрік, ағылшын тілдерін жетік меңгерген 50 жоғары курс студенттерін оқыту және оларды болашақта кәсіби гид-экскурсовод ретінде жылжыту, гидтерді республикалық бірыңғай тізімге тіркеу жоспарлануда.

Тәлім алып жатқан қатысушы гид-экскурсоводтар білімін жетілдіру үшін туризм саласына еңбек сіңірген, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қожа Мұқтар Бақадырұлы және жаттықтырушы гид-экскурсовод, доцент Рахимбекова Майра Жұмағалиқызынан дәріс алуда.

Семинар-тренингтің нәтижесінде өңірдің туристік нысандары туралы ақпаратты сапалы ұсыну, білікті кадрларды ұлғайту, туристік индустрия саласында адами ресурстарды дамыту, маршруттарды дұрыс жоспарлау, гид-экскурсовод қызметінің сапасын арттыру көзделіп отыр.