Түркістанда ірі қолөнер орталығы салынады

0
2 862

Онда бірегей қолөнер бұйымдарын, ұлттық заттарымызды даярлайтын, жоғары сапалы қолөнер бұйымдарының технологиясын оқытатын ірі қолөнер орталығын салу жоспарда бар.


Түркістанда ірі қолөнер орталығы салынады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан қаласында ірі қолөнер орталығы мен заманауи сауда кешені салынады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті отыз жетінші сессиясында мәлім болды.
- Түркістан қаласында әлемде қайталанбайтын бірегей қолөнер бұйымдарын, ұлттық заттарымызды даярлайтын, жоғары сапалы қолөнер бұйымдарының технологиясын оқытатын ірі қолөнер орталығын салу жоспарда бар. Себебі, Түркістанда қолөнершілер әлеуеті зор, – деді облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев.
Сондай-ақ, Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан шаһардың қазіргі жағдайын ескере отырып заманауи сауда кешені ашылмақ. Бұл іске қаладағы сауданың жақсы дамығандығы және қаланың ортасынан «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» магистралы өтетіндігі ескеріліп отыр.