Түркістанда Қаныбек Сарыбаевтың 85 жылдығына орай кеш өтті

0
611

Қонақтар алдымен ақынның кітаптарынан және өзі қолданған жеке заттарынан жасақталған көрмені тамашалады.


Түркістанда Қаныбек Сарыбаевтың 85 жылдығына орай кеш өтті

Түркістанда Қаныбек Сарыбаевтың туғанына 85 жыл толуына орай атты еске алу кеші өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында Қаныбек Сарыбаевтың туғанына 85 жыл толуына орай «Менің сүрген өмірім...» атты еске алу кеші өтті. Кешке келген қонақтар алдымен ақынның кітаптарынан және өзі қолданған жеке заттарынан жасақталған көрмені тамашалады.


Шараны кітапхана директоры Жанат Шардарбекова ашып берді. Кешке ақынның ұлы және қызы, Түркістан облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Әзіретберген Жарылқасын, ҚР Мәдениет қайраткері Нұрмахан Назаров, Түркістан қалалық әйелдер алқасының төрайымы Ұлжан Әбенқызы мен оқырмандар арнайы қатысты. Содан соң тұлғаның көзін көрген зиялы қауым өкілдері сөз алып, естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ ақын жайлы тың ақпараттар берді.


Жиын соңында ақынның немере-шөберелері өнер көрсетті. Жиналған көпшілік осы тектес еске алу кештерінің кең көлемде өтуі керектігін тілге тиек етті. Сондай-ақ тұлғаның атына көше беру жөнінде ұсыныс білдірді. Ал оқырмандар Қаныбек Сарыбаевтың сырлы өлеңдерін оқып, келген қонақтарға ақын шығармашылығынан шашу шашты.