Түркістанда қариялар мен ерекше жандарға арнайы орталық қызмет көрсетеді

0
392

«Белсенді ұзақ өмір сүру», «Тең қоғам» сынды бөлімдері мен кәсіби мамандар бар.


Түркістанда қариялар мен ерекше жандарға арнайы орталық қызмет көрсетеді

Түркістандық қариялар мен ерекше жандарға арнайы орталық қызмет көрсетеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласындағы «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында» қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жақсартуға барлық жағдай жасалған. Орталық жылына 2000 зейнеткерге, 700-ден астам ерекше қажеттілігі бар азаматқа қызмет көрсетеді. Онда арнайы «Белсенді ұзақ өмір сүру», «Тең қоғам» сынды бөлімдері мен кәсіби мамандар бар.


Орталықта - еңбек терапиясы, компьютерлік сауаттылықты арттыру бойынша арнайы курстар, әнмен емдеу, психотренингтер, әлеуметтік мәселелер бойынша заңды кеңестер беріледі. Одан бөлек, тарихи-мәдени орындарға экскурсиялар мен театр, концерт қойылымдарын тамашалау және мерекелік мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.