Түркістанда кәсіпкерлер студенттердің жатақхана мәселесін талқылады

0
1 403

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасында «Студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» мақсатында өткен жиын өтті.


Түркістанда кәсіпкерлер студенттердің жатақхана мәселесін талқылады

Елімізде кәсіпкерлер студенттерге арналған жатақхана салып, мемлекеттік тапсырысты иелене алады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл жайында Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасында «Студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» мақсатында өткен жиында айтылды.
ҚР Білім және ғылым минситрлігіне қарасты «Қаржы орталығы» АҚ менеджері Алпамыс Сатыбалдин пен Түркістан облысы кәсіпкерлік палатасы директорының орынбасары Берік Кенжебаев мәселені жан-жақты түсіндірді.
Қазан айында Бюджет кодексі мен «Білім туралы» заңдардың актілеріне тиісті өзгерулер енгізілді. ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірге мемлекеттік тапсырысты бөлу механизмі әзірленді. Осылайша кәсіпкер, ЖОО немесе колледжге арналған жатақхана салып, 8 жыл бойына мемлекеттік тапсырысты алып отыра алады.
Егер бұл жаңа құрылыс болса, онда студенттік әр жатын орын үшін 122 АЕК төленеді. Ал, қонақүй, бизнес-орталығы секілді ескі ғимаратты жатақханаға ретінде реконструкция жасалса 8 жыл бойына 47 АЕК төленуі қарастырылған.
Сондай-ақ, жатақхана базасында нысан иесі коммерциялық алаңдарды құра алады. Осылайша асханалар, шаштараздар, тренажерлық залдар әдетте бірінші қабатта орналасады. Студенттерден алынатын төлемдер коммуналдық шығындарға жұмсалады, ал мемлекеттік тапсырыс тұрақты табысты қамтамасыз етеді.