Түркістанда "Қауіпсіз балалық шақ" атты I ашық форумы өтті

0
921

Түркістан қаласында өткен "Қауіпсіз балалық шақ" атты Бірінші ашық форумның басты мақсаты қандай?


Түркістанда

Түркістан қаласында облыс прокуратурасының «Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында Бірінші ашық форумы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Форумды ашқан облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров кәмелетке толмағандардың проблемалық мәселелерін барлық мүдделі органдар және қоғам өкілдерімен ашық диалог форматында талқылаудың өзектілігі мен қажеттіглігін атап өтті. Балалардың өмірі, денсаулығы және әл–ауқаты мемлекетіміздің басым бағыты болып табылады. Дегенмен, бүгінгі таңда назар аударатын, уәкілетті органдардың жұмысына түзетулер енгізуді талап ететін бірқатар проблемалар бар.

Бұл жасөспірімдер қылмысының алдын алу, өмірлік қиын жағдайда жүрген отбасылармен және балалармен жұмыс жасаудағы кемшіліктер.
Балаларды зорлық-зомбылықтан, оның ішінде жыныстық қол сұғушылықтан қорғауды қамтамасыз ету мәселесі.
Балалар суицидін алдын алу тетіктерінің тиімді жұмыс істемеуі.
Тек соңғы жылда прокурорлар кәмелетке толмағандар туралы заңнаманы бұзудың 120 астам фактісін анықтап, бұл бұзушылықтарды жоюға бағытталған 67 ықпал ету шараларын қабылдады.

Сонымен қатар, облыс прокуратурасы бұл бағытта оңды нәтижелерге барлық мүдделі органдар мен ұйымдардың күш-жігерін біріктіре отырып қана қол жеткізуге болатынын түсініп отыр.
Прокуратура органының спикері өткен жылы қолданылған қадағалау және үйлестіру жұмыстарының нәтижесінде соңғы бірнеше жылда бірінші рет кәмелетке толмағандармен (4,4% - ға) және оларға қатысты (7,7% - ға) жасалған қылмыстардың, балалардың суицидінің (9,5% - ға) төмендегенін атап өтті.
Қазіргі таңда құқық бұзушылықтың профилактикасы алдыңғы қатардағы мәселелерге енді. Құқық бұзушылық ерте алдын алу балалар мен отбасылардың әл-ауқатының артуына септігін тигізіп, олардың қауіпсіздігін, жан-жақты білім алуын және мәдени дамуын қамтамасыз етуі тиіс.
Жергілікті жерлерде балалар проблемасымен айналысатын ведомствоаралық жұмыс топтарының жұмыстары оң бағаланады.
Осы топтардың жұмысын жаңғыртып, үйлестіру облыстық штабқа ұсынылды.
Мемлекет басшысының 2020 жылды еріктілердің жылы деп жариялауын ескере отырып, топтың құрамына осы жұмысқа қатысуға ниет білдірген қоғам өкілдері мен еріктілерді қосу ұсынылады.

Прокурорлық ықпал ету шараларының нәтижесінде жалпы 6 интернет-ресурстарға қол жетімділік шектелді.

Облыс прокуроры өзекті мәселелерді талқылау қорытындысымен қадағалау органының, билік құрылымдарының жұмыс тиімділігі артып, қоғаммен, сарапшылар қоғамдастығы өкілдерімен одан әрі ынтымақтастықта жұмыс жасауға мүмкіндік беретінін атап өтті.