Түркістанда Кентау қаласының мәдени күндері өтті

0
1 041

Балаларға арнап түрлі ойындар мен сайыстар ұйымдастырылды.


Түркістанда Кентау қаласының мәдени күндері өтті

Түркістанда Кентау қаласының мәдени күндеріне арналған іс-шаралар өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кентау қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Түркістанда Кентау қаласының мәдени күндері өтті. Шараның алғашқы күнінде «Керуен Сарай» көпсалалы кешенінің аумағында «Түркістан - Түркі әлемінің жүрегі» концерттік бағдарламасы аясында кенді шаһардың жезтаңдай әншілері мен бишілері өнер көрсетті.


Одан өзге, «Алтын самұрық» ғимаратының маңында кентаулық қолөнер шеберлері мен суретшілерінің көрмесі ұйымдастырылып, келушілерге қала тарихы таныстырылды. Сондай-ақ, «Түркістан төріндегі ұлттық құндылық» тақырыбында халық әндері кеші өтті. Іс-шара шымылдығы «Балапан қаз» музыкалық-хореографиялық қойылымымен ашылып, дәстүрлі халық әндері тыңдармандар жүрегіне жол тартты.


Іс-шара соңында аниматорлар тарапынан «Керуен сарай» кешеніндегі балаларға арнап түрлі ойындар мен сайыстар ұйымдастырылды.