Түркістанда халықаралық ғылыми-теориялық конференция басталды

0
1 256

Ғылыми конференция Елбасының «Түркі дүниесінің тұғырлы тұлғалары» және «Түркі әлемінің киелі жерлері» бастамаларын жүзеге асыру бағытында ұйымдастырылып отыр.


Түркістанда халықаралық ғылыми-теориялық конференция басталды

Түркістан қаласында «Киелі Түркістан және Түркі дүниесінің рухани жаңғыруы» атты ғылыми-теориялық конференция басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы маңызды жиынды Түркістан облысының әкімдігі мен Халықаралық Түркі Академиясы бірлесіп ұйымдастырды. Сонымен қатар, Түркі кеңесі мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті де қолдау көрсетуде. Конференцияны Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ашты.

Қазір «Түркі әлемінің киелі жерлері», «Түркі дүниесінің тұғырлы тұлғалары» және «Түркі тілдері және жазуы» тақырыптарындағы секциялық отырыстар өтіп жатыр.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркі кеңесінің VI саммитінде көтерген «Түркі дүниесінің тұғырлы тұлғалары» және «Түркі әлемінің киелі жерлері» бастамаларын жүзеге асыру бағытында ұйымдастырылған ғылыми басқосуда түркі дүниесінің ғылымы, мәдениеті мен әдебиеті, түркі тілдері, киелі жерлер мен тұғырлы тұлғалары туралы айтылады.
Конференцияға Қазақстандағы бірқатар шетел дипломаттары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері мен тарихшылары, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия ғалымдары мен АҚШ, Ресей, Үндістан, Өзбекстан зерттеушілері қатысуда.
Дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі