Түркістанда көлік қаққан бірінші сынып оқушысы мерт болды

0
990

Жүргізушінің көлікті құжаттарсыз айдағаны анықталды


Түркістанда көлік қаққан бірінші сынып оқушысы мерт болды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

"Toyota Land Cruiser Prado" көлігін тізгіндеген жүргізуші 14 қараша күні сағат 12.30 шамасында мектеп маңында бала қағып кеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аталған жол-көлік оқиғасысалдарынан зардап шеккен бүлдіршінді жедел жәрдем қызметі қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізген. Алайда ауыр дене жарақаттарын алған баланы аман алып қалу мүмкін болмаған.

Жол көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК нің 345 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, "Toyota Land Cruiser Prado" көлігінің жүргізушісі қамауға алынды.

Сондай-ақ, жүргізушінің көлікті құжаттарсыз айдағаны анықталып, темір тұлпар айып тұрағына алынған. Полицейлер жол көлік оқиғасының мән жайын анықтап жатыр.