Түркістанда қолөнершілер орталығы мен мәдениет үйі бой көтереді

0
1 032

Аталған нысанда 800 пәтер бар.


Түркістанда қолөнершілер орталығы мен мәдениет үйі бой көтереді

Түркістан қаласында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласында 5 қабатты 20 тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Жалпы аумағы 9, 58 гектарды қамтитын нысан, «Отырар» мөлтек ауданында орналасқан. Аталған нысанда 800 пәтер бар. Әр тұрғын үйде 40 пәтерден орналасады деп жоспарлануда. Тұрғын үйдің құрылысы келер жылы аяқталып, ел игілігіне берілмек.


Сонымен қатар облыс орталығында мәдениет саласына қатысты жаңалықтар легі жетерлік. Оған дәлел қалада аумағы 1,13 гектарды құрайтын 500 орынға шақталған мәдениет үйінің құрылысы басталды. Айта кетейік, нысанда өнерпаздарға арнап, ашық алаңнан сахна, саябақ, автотұрақ және балалар ойын алаңшасын салу да назарға алынған. Мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары келер жылы аяқталып, қолданысқа беру жоспарлануда.


Киелі өңірде ел игіліне үшін түрлі нысандар қатары бой көтеруде. Соның бірі қолөнершілер орталығы болмақ. Аталған орталықтың ішінде арнайы көрме залы, шоурум бөлмелері салынады. Нысан алдағы уақытта саялы бақ, базар, ресторан, қонақ үй, автотұрағы бар алып орталыққа айналады деп күтілуде. Айта кетейік орталық 20 қолөнершіге шақталған.