Түркістанда көркем сөз оқу шеберлерінің байқауы өтті

0
3 173

​Бүгін Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театрында көркем сөз оқудың шеберлерін анықтап, шығармашылық белсенділіктері мен өнерге деген таланттарын арттыру мақсатында «VІІ қалалық көркем сөз оқу шеберлерінің» байқауы өткізілді.


Түркістанда көркем сөз оқу шеберлерінің байқауы өтті

Бүгін Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театрында көркем сөз оқудың шеберлерін анықтап, шығармашылық белсенділіктері мен өнерге деген таланттарын арттыру мақсатында «VІІ қалалық көркем сөз оқу шеберлерінің» байқауы өткізілді. Театрымыздың негізін қалаушы, актер, режиссер Райымбек Ноғайбайұлы Сейтметовтың 80 жылдығына орай өткізілген байқауға қатысқан барлық өнерпаз оқушылар мен ұстаздары ұйымдастыру алқасының «Алғыс хаттарымен» және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.


Театр ұжымы байқау бастамасын Р.Н.Сейтметовтың зиратына барып құрбандық шалып, құран бағыштап, гүл шоқтарын қоюдан бастады.
Жеңімпаздарды Бекжігіт Сердәлі, Жанболат Ибрагимов, Айдар Наурызбаев, Гүлзада Айтбаева, Салтанат Қырқымбекова сында журналистика және өнер саласындағы саңылақтардан тұратын қазылар алқасы анықтады.
Бас жүлде - Құлжа Гүлім
1 орын – Арзиметова Назима
2 орын – Пернебаев Әлімхан
2 орын - Өтепберген Нұртас
3 орын – Махкамова Рахима
3 орын – Әбіш Гүлназ
3 орын – Нуридин Нұрболат


дереккөз: Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры