Түркістанда қос мереке аясында форум өтті

0
538

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске үлес қосқан азаматтар марапатталды.


Түркістанда қос мереке аясында форум өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен форум өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесіне және 9 желтоқсан –Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен форум өтті. Іс-шараға өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруға үлес қосқан азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, мемлекеттік орган қызметкерлері, арнайы мониторингтік топ және ақпараттық-ағартушылық штаб мүшелері, «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсе менеджерлері мен департамент қызметкерлері қатысты.


Жиынның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру және парасаттылық идеологиясын ілгерілету бойынша атқарылған жұмыстарды қоғамға кеңінен жеткізу. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске үлес қосқан азаматтар марапатталды.


Жиында рухани өңірдің келешегі оның әрбір азаматына байланысты екенін айтқан департамент басшысы Қанат Қожахметов сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуда белсенділік танытуға шақырды. Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Ш.Жамалбек құттықтау сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруда қоғамдық бақылау орнатудың орны ерекше екендігіне тоқталды.Киелі өңірде жемқорлық деңгейін төмендету бағытында әрі қарай бірлесіп нәтижелі жұмыстар жүргізетіндеріне сенім білдірді. Сыбайлас жемқорлықпен күресуде белсенділік танытқан азаматтарға алғыс білдіріп, арнайы мерекелік медаль мен төсбелгі, сондай-ақ, біліктілік шендер мен грамота, алғыс хаттарды табыстады.