Түркістанда «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты форум өтті

0
1 594

«Түркістан – Түркі әлемінің бесігі» атты Түркі кеңесі түркі университеттер Одағының ІV Бас ассамблеясы аясында «Мемлекеттік тіл-менің тілім» тақырыбында этнос жастарының форумы ұйымдастырылды


Түркістанда «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты форум өтті

Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжінде «Мемлекеттік тіл-менің тілім» тақырыбында этнос жастарының форумы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оған мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдері және облыстық ассамблея құрылымдары, облыстық этномәдени бірлестік төрағалары мен мүшелері, жастар қанаты мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Іс-шараны ашқан Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің міндетін атқарушы Мадина Камеденова мемлекеттік тіл – этносаралық келісімді нығайтудың негізгі факторларының бірі екендігін айтып өтіп, іс-шараның мақсатын кең көлемде түсіндірді.

"Биылғы жылды жастарға арнағандығын жеткізіп, бұл бағыттағы «Биылғы жылды Елбасы жастар жылы деп жариялағандықтан, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жандана түседі", – деді М. Камеденова.

Сондай-ақ, корей этномәдени бірлестігінің жанындағы Жастар қанатының мүшесі, 1 курс студенті Сабина Пак «Мемлекеттік тіл – менің тілім» деп сөз сабақтады.

"Тіл Тәуелсіздіктің айғағы. Тіл мен егемендік егіз ұғым. Тілсіз-тәуелсіздік, егемендіксіз – тіл болмайды. Қазақ елі тәуелсіз мемлекет болып орнағалы мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп жарияланды. Бұл тұста Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақтың болашағы – қазақ тілінде» деп алдымызға айқын жол ашып берді. Бізге тек осы ұстанымды жүзеге асыруға бар күш-жігерін аямай, еңбек ету ғана қалды", – деді Сабина Пак.

Форумда Өзбек этномәдени бірлестігінің мүшесі Рустам Саттаров, Түрік этномәдени бірлестігінің мүшесі Фериде Ейбова татулықты ту еткен өңірдегі этнос өкілдері түркі әлемінің жаңа рухани орталығы - Түркістанды дамытуға бар күш жігерін жұмсайтындығын жеткізді.