Түркістанда мердігерлерге миллион теңгеге жуық айыппұл салынды

0
547

Қазіргі таңда 12 көшедегі 22 кемшілік бойынша тиісті жұмыстар атқарылып, қалпына келтірілді.


Түркістанда мердігерлерге миллион теңгеге жуық айыппұл салынды

Түркістан қаласында жол саласы бойынша мердігерлерге миллион теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Өткен жылы Түркістан қаласында 64,5 шақырымды құрайтын 54 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол төселіп, қолданысқа берілді. Биылға 42 шақырымды құрайтын 43 көшеге жүргіншілер жолын салу жоспарланып, қазіргі таңда 21,1 шақырымды құрайтын 25 көшеде құрылыс аяқталды. Қалған 19,9 шақырымды құрайтын 17 көшеде құрылыс мамыр айының соңына дейін аяқталады деп күтілуде.


2022-2023 жылдары іске асқан жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды зерделеу барысында, жалпы 25 көшеде 52 кемшілік анықталған болатын. Қазіргі таңда 12 көшедегі 22 кемшілік бойынша тиісті жұмыстар атқарылып, қалпына келтірілді.


2022-2023 жылы көшелерде анықталған кемшіліктер бойынша, жауапты мердігерлерге 11 ескерту хат жолданды. Ескерту хатта көрсетілген мерзімде кемшіліктерді орындамаған мекемелерге жалпы 937534 теңге көлемінде айыппұл салынып, ескертуде көрсетілген кемшіліктерді жоюға мерзім белгіленді. Аталған мәселе қала әкімдігінің бақылауына алынған.